ЭКСПО-дағы Корея павильонының жарты миллионыншы келушісі Кореяға авиабилет алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Корея павильонының 500 000-ыншы келушісі Asian Airlines әуе компаниясы ұсынған Кореяға тегін ұшып барып келу авиабилеті түріндегі сыйлық алады. 
None
None

Корея павильонының 400 000-ыншы келушісі Қази Қаптағаев өз сұхбатында: «Корея павильоны ең үздік және ең қызықты экспонаттарды ұсынып жатыр деп ойлаймын, сондықтан кезекте уақыт өткізгенім үшін еш өкінбеймін. Болашақта Оңтүстік Кореяға барып, озық технологиялар мен ел мәдениетін өз көзіммен көргім келеді», - деді.

Корея павильонының ұйымдастырушысы - Корея сауда және инвестициялар агенттігі  (KOTRA) хабарлағандай, 26 тамыз күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Корея павильонын аралап, Корея ақылды энергетикалық шешімдерімен танысқан.

Бұл күні Президентті «Астана ЭКСПО - 2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов, ҚР Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбек және басқалар алып жүрген.

Қазақстан Президентіне «Болашақ энергиясы. Ақылды өмір» басты шоуы қойылды. Ол Корея технологиясына үлкен қызығушылық  танытып, ақылды планшеттердің көмегімен күн панелімен, аккумулятормен, су жанармайымен жүретін автомобильмен және басқа да технологиялармен танысты. 

Соңғы жаңалықтар