ЭКСПО-ға атақты флейта королі келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Румыния Ұлттық Республикасының ұлттық күні аталып өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Румыния сыртқы істер министрі Теодор Мелешкану өзінің құттықтау сөзінде ЭКСПО-2017 көрмесінің адамзат баласы қол жеткізген технологиялық даму деңгейін көрсететінін атап өтті.

«Шағын және орта кәсіпкерлікті қосқанда, көптеген экономикалық субъектілерді әртараптандыру және біріктіру тұрғысында «Болашақтың энергиясы» атты ЭКСПО-2017 көрмесі жалпы экономикалық ынтамақтастығымыздағы жаңа сапа деңгейінің негізгі нүктесіне айналары сөзсіз», - деді Теодор Мелешкану.

Ұлттық күннің мәдени бағдарламасында «Дакия» румын мәдениет қауымдастығы румын халқының халық әндері мен билерін орындады. Сондай-ақ, ЭКСПО-ға арнайы қонақ болып «Одинокий пастух» туындысымен әлемге танылған атақты «флейта королі» Георг Замфирдің өзі келді.

Мәдени бағдарламадан соң, ресми делегация Румыния павильонын аралап шықты.

Еске сала кетсек, биыл Қазақстан мен Румыния дипломатиялық қарым-қатынастарының 25 жылдығын атап өтуде.

Соңғы жаңалықтар