15:27, 15 Шілде 2017 | GMT +5
ЭКСПО-ға ұшатын велосипед алып келген елдің ұлттық күні тойлануда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «ЭКСПО-2017» көрмесі аймағында Чеxия Республикасының ұлттық күні атап өтілуде. Осыған орай, мерекелік шатырда концерт ұйымдастырылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Концерт кезінде Оңтүстік Моравиядан келген бишілер, Брно консерваториясының үрмелі аспаптар оркестрі, сондай-ақ Батыс Богемиядан жеткен волынка аспабының шеберлері өз өнерлерін паш етті. Праганың ағашаяқ киген акробаттары да жұрттың көңілін көтеріп, Чеxия павильонына мерекелік шеруді бастап барды.
Ал шараның ресми бөлімінде екі елдің Сенат төрағалары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Милан Штеx өзтілектерін жеткізді.
Айта кеткен жөн, Чеxия павильонында ұшатын велосипедті көруге болады . Жоба авторларының айтуынша, аталған бастамаға жазушы Жюль Вернның қиялындағы велосипед түрткі болды.