ЭКСПО-қалашық құрылысына 7,4 мың адам тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-қалашық құрылысына 7,4 мың адам жұмылдырылды. Бұл туралы бүгін елордада Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстары әкімдіктері басшылығының қатысуымен өткен кеңесте «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәлім етті.
None
None

Атап айтқанда, ЭКСПО-ның құрылыс алаңдарында көрме кешендерінің барша павильондары бойынша нөлдік циклдің (паркингтер) монолитті темір бетонды жұмыстар толық аяқталды. Ғимараттардың металлдық құрылымдары қаңқасын монтаждау 80 пайыздан астам деңгейде орындалды. Сонымен қатар «Энергияны зерттеу орталығында» нөлдік цикл жұмыстары аяқталды. Бүгінде ғимараттың металлдық құрылымдары қаңқасын монтаждау жүріп жатыр. Сонымен қатар ЭКСПО аумағында инженерлік желілерді тарту жұмыстары іске асырылуда. А. Есімовтың сөзіне қарағанда, жалпы бүгінде құрылыс шараларына 7 421 адам мен 444 техника жұмылдырылған. Таратылған мәліметтерге қарағанда, жобаларды қайта қарастыру жұмыстары өткеннен кейін, құрылыс шығыстары 78 млрд. теңгеге арзандады.

Соңғы жаңалықтар