«ЭКСПО» кезінде Қызылорда облысына 100 мың турист келеді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-«ЭКСПО» көрмесі кезінде Қызылорда облысына 100 мың шетелдік турист келеді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев журналистермен кездесу барысында айтты.

«Экспо-2017» көрмесі кезінде бір ғана Қызылорда облысы 100 мың шетелдік туристі қабылдамақ. Сарапшылардың болжауынша, 3 айда өңірге қызығушылық танытқан саяхатшылардың саны 300 мыңға дейін жетуі мүмкін. Қазір Сыр өңірінде үш нысан әзірлену үстінде. Көрмеге келген туристер Байқоңыр ғарыш айлағы, «Қорқыт ата» кешені мен Қамыстыбас көлін аралай алады.

Ішкі туризм алға басып, енді облыстың көрікті жерлерін шетелдіктерге паш етуге ден қойып отыр. Бұл саланы халықаралық деңгейге көтеру үшін Еуропаның тәжірибесі де пайдаланылуда. Сондай-ақ, Ғалым Әміреев: «3 айдың ішінде 100 мыңнан астам шетелдік туристер келеді. Соған біз сол нысандарды дайындап жатырмыз. Қазір енді қонақүйлер жетіспейді. Оларды салып жатырмыз. Осы жылдың аяғына дейін бітіреміз. Сосын бізде Қамыстыбас деген көл бар. Сол жерде жаңа демалыс орындарын дайындап жатырмыз»,-деді.

Соңғы жаңалықтар