ЭКСПО көрмесі әлемдік деңгейдегі теңдессіз оқиға

2008 жылы Сарагосада әлемнің 104 мемлекеті қатысқан халықаралық көрмесі өтті. Бұл көрме - орта көлемдегі қалалардың халықаралық масштабтағы шараларды тарту ұмтылысының көрінісі болды. Бұл көрмеге 2008 жылы Қазақстан Республикасы алғаш рет қатысып «С» санатындағы павильондар арасында павильон рәсімдеудің ішкі және сыртқы критерийлері бойына қола марапатқа ие болды. Осы көрмеде Президент Н.Ә. Назарбаев осындай шараны Астана қаласында өткізу қажеттілігі туралы атап өткен болатын.
Су тақырыбында өткен көрме кеңістігі сиқыр мен тосын сыйларға толтырылды: мұнда цунамидің ұқсатқышы және Еуропадағы ең үлкен тұщы су аквариумы болды. Келушілер әлемнің барлық елдерінің ұлттық тағамдарынан дәм татып, мерекелеріне қатыса алды, сондай-ақ сумен байланысты барлық нәрсені біліп, бәрінің дәмін татты. 2010 жылы Қытай халық Республикасындағы Шанхай қаласында бүкіл дүниежүзілік көрме өтті. Тақырыбы «Жақсы қала - жақсы өмір» деп аталды. Көрмеге 198 ел және 27 халықаралық ұйым қатысты, 70 млн жуық адам келді. Шанхай көрмесінде алғаш рет «Қола құрылысының ең жақсы тәжірибелері» Аймағы ашылды. Мұнда қалалардағы өмір сапасын көтеру бойынша өзіндік жобалар ұсынылды.Аймақ алаң ретінде ойластырылған, онда қалалардың өкілдері қалаларды дамыту және салу салаларындағы тәжірибелерімен алмаса алды.
Қазақстан павильоны бұл көрмеде «Азия» аймағында Жапония және Оңтүстік Кореямен көршілес болды. Бұл көрмедегі Қазақстанның мақсаты Астананы халықаралық жайғасы мен әлемнің ең жас және серпінді түрде дамып келе жатқан астана екендігін көрсету болды. Қазақстан ұлттық экспозициясының тақырыбы «Астана Еуразия жүрегі». EXPO - 2010 көрмесі ресурстарды қысқарту, қылмыс деңгейін төмендету, қоршаған ортаны ластауға қатысты мәселелердің тұжырымдамалық шешімін болашақтың қалаларын үлгілеу арқылы ұсынды. Шараны ұйымдастырушыларға 12 млрд доллар кіріс әкелді. Орта бизнестің кірісі ең кем дегенде 20 пайызға артты. 2012 жылы Оңтүстік Кореяда «Тірі мұхит және жағалау» атты тақырыпта өтті. EXPO көрмесінен басқа аумағы 250,000 шаршы метр көрме аумағында EXPO қалашығы, көлік қоятын орын, саябақтар, жасыл желектер, мейрамханалар, мұражайлар мен дәмханалар орын алды. Көрме өзінің тақырыбына сәйкес келетін мұхиттың көрікті жағалауына орналасты. Есу EXPO-2012 халықаралық қауымдастықтың әлемдік мұхиттың және жағалаудың қызметі мен құндылықтары туралы танымын кеңейтіп, теңіз саласында қызметтесуді жолға қою қажеттігін көрсетті.
Қазақстан төрт рет ЭКСПО Бүкіләлемдік әмбебап көрмесінде өз павильонын орнатты. Қазақстан өз павильонын мәдениет пен ғылымдағы бизнес пен туризмдегі дәстүрлерге және инновацияларға сәйкес құрды. Павильон су тақырыбына арналып, Қазақстан тарихы мен дәстүрлері, оның заманауи өмірі мен болашақ перспективалары туралы әңгімеледі. Біздің павильон 6 аймақтан тұрды. Келушілер бүкіл павильондар бойынша көрсетілген интерактивтік шоуды тамашалады. Қазақстан павильоны ол кезде «Болашақ энергиясы» тақырыбы бойынша ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге үміткер қала Астанаға ерекше назар аударды.