ЭКСПО көрмесіне тұтастай Алматы облысынан гөрі, мен көп билет сатып алдым - А.Есімов

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана Экспо-2017» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Алматы облысы бұл көрмеге өте аз билет сатып алып жатқанына таңғалды.
None
None

«Серік (Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев  агенттік), қазір билет сатуға елу пайыздық жеңілдік жүріп жатыр. Ал, Алматы облысы небары он билет сатып алған. Тіпті айтуға ыңғайсызданып отырмын, бірақ менің өзім жалғыз Алматы облысынан гөрі көп билет сатып алдым», - деді Ахметжан Есімов.

Бұған дейін А.Есімовтің орынбасары Ербол Шорманов мәлім еткендей, 20 күн ішінде 2017 жылы өтетін «ЭКСПО» Халықаралық көрмесіне бес мыңнан аса билет сатылған.

«Әкіміңе айта бар, сендер ең аз билет сатып алған екі облыстың бірісіңдер.  Қызылорда облысының бары сендер үшін жақсы болар ма!?» - деді А.Есімов.

Соңғы жаңалықтар