ЭКСПО-ның қауіпсіздігін қамтамасыз еткен ОҚО полицейлері марапатталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері марапатталды. Департамент бастығы Жанат Сүлейменов көрме барысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде адал қызмет атқарған 9 қызметкерге ҚР ІІМ Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

null

ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің бөлімше бастығы полиция подполковнигі Әмірхан Бекмырзаевқа «полиция полковнигі» атағы берілді. Ал Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Абдраманов «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, Жанат Сүлейменов өз атынан «Қазақстан полициясына 25 жыл» медалімен 26 полиция қызметкерін марапаттады. 17 полиция қызметкерінің тәртіптік шарасы мерзімінен бұрын алынды.

null

Жиында ішкі істер органдары ардагерлерінің жас қызметкерлерді идеялық-патриотттық тәрбиелеуде үлес қосып, полицияға белсенді көмек көрсетіп жүрген 10 ауған соғысының ардагері «Қазақстан полициясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. 

nullnull

Соңғы жаңалықтар