ЭКСПО жобалары Алматы облысындағы күресіндер санын азайтады
Атап айтқанда, өңірде «Қалдықтарды басқарудың аймақтық жүйесі» сынамалы жобасы іске қосылуда. Бұл қайталама материалдарды шығаруды 30 пайызға арттырып, қоқыс тастайтын үйінділер санын 354-тен 16-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
«Болашақтың энергиясы» атты ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі жаңа заманауи инновациялармен танысу мүмкіндігін туғызды. Онда таныстырылған «Рецетиловс» компаниясының ағын суларды тазалайтын кешенін және испандық «Молекул» компаниясының беріктігі жоғары құбырларын іс жүзінде қолдануды қарастырып отырмыз», - деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Астанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, өңір басшысының айтуынша, жаңартылатын энергия бойынша Швейцария мен Американың «Альпі үйі» жаңалығын, атмосфераға зиянды заттардың шығу деңгейін төмендету бойынша - Чжэйзян энергетикалық корпорациясының технологияларын және қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бойынша - Хедвигагрупп технологияларын қолдану жоспарланған.