Экспроприация Қазақстан тұрғындарының бүкіл мүлкі тәркіленді дегенді сипаттауға жарайды – Мемкомиссия
Аталмыш шараны Мемлекеттік комиссия жанындағы Жобалау кеңсесі және Қостанай облысы әкімдігі ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекеттік комиссия мүшесі, Жобалық кеңсе басшысы Сабыр Қасымов өз сөзінде «Егер бүкіл Кеңес халқы үшін трагедия 1937-1938 жылдар, сол сияқты «Үлкен террор» жылдары болса, онда Қазақстан және оның халқы үшін бұрын-соңды болмаған трагедия мен нағыз апат, 1928-1933 жылдар болып табылады. Осы жылдары большевиктік-Сталиндік режимнің халыққа қарсы алдын ала әзірлеген саясаты, сондай – ақ Қазақстандағы оның «тағайындаған» қолдаушыларының қабылдаған мемлекеттік шешімдері нәтижесінде, мемлекет тарапынан қазақ халқының жалпы санының жартысынан айырған адамгершілікке жатпайтын науқандар жүргізілді... нақ осы ірі байлар мен кулактарды, орта шаруалар шаруашылығы мен мүліктерінің жоғарыдан түсірілген жоспар арқылы жаппай тәркіленуімен, халық өмірінің материалдық негізінің жойылуына жол ашты».
Семинар жұмысында репрессия кезеңінің лексикасында «тәркілеу» терминімен қатар «экспроприация» термині қолданылатыны аталып өтілді. Сөздіктер мамұнында осы ұғымның келесідей оның синонимдерін құрайды: «тонау», «тартып алу», «алып қою», «қол сұғу». Дәл осы терминдер Қазақстан тұрғындарының бүкіл мүлікі тәркіленді дегенді сипаттауға жарайды.
С. Қасымов зерттеушілер мен бүкіл қоғамды «жалпы тақырып бойынша, сондай-ақ жекелеген фактілерді де саясиландыруға жол бермеуге, осындай ауыр жылдары бұрынғы кеңес елінің барлық халықтары зардап шеккендіктен, өзге халықтар мен мемлекеттерді айыптамауға шақырды.
Семинарға қатысушылар зерттеу жұмыстарымен өзара тәжірибе алмасып, бірқатар жаңа материалдарды, жазықсыз қуғын-сүргін құрбандарының жаңа есімдерін ұсынып, одан әрі қарай зерттеу жоспарларын белгіледі.