Экстремал–блогер Алматы метросының бейнебақылау камерасына түсіп қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы метрополитенінің өкілдері экстремалдың метро вагонына жабысып алған сәті таспаланған видеоны көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Абай» станциясында түсірілген кадрдан пойыздың келе жатқанын және вагоның артында жабысып тұрған жігітті көруге болады. Тоқтағаннан кейін жас жігіт перронға секіріп, соңғы вагонға кіреді.

Метроның баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушыларға қызмет көрсететін кезекші бұл кезде қарама қарсы платформада кеткен жолаушыларды шығарып салып тұрған. Осы уақытты пайдаланып, блогер пойызға жабысып алған.

Айта кетейік, Алматы полициясы метро вагонына жармасып алған блогерді іздестіруде.


Соңғы жаңалықтар