Экстремал құрулы мың қақпанның үстіне секірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғаламторда Ютубтағы The Slow Mo Guys каналынан алынған видеода сынақ жасаған жүрек жұтқан жігіттердің дақпырты кең тарауда.
Жігіттер түрлі әрі ерекше әрекеттерді баяулатып түсірілімдер жасауға машықтанып, он миллиондаған көрермен жинаған. Бұл жолы олар батуттың айналасына 1 000 тышқан қақпанын құрып, орнатып, қауіпті аймақтың ортасына секірді.
Бір тәулікке толар-толмас уақыт ішінде бейнероликті 4,4 млн адам тамашалаған. Соңында жазылған пікірлерде көрермендердің бірі сынақтан өтуші тышқанның костюмін киюді ұмытқандығын ескертсе, тағы бір көрермен келесі жолы аюларға арналған 1 мың қақпан орнатуға кеңес береді.