Экстремистік қылмыскерлермен бірлесе күресу керек - Н. Назарбаев

АСТАНА.  7 қазан. ҚазАқпарат - Экстремистік пиғылды қылмыскерлермен бірлесе күресу керек.  Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің «Бірінші арна» телеарнасының «Воскресное время» бағдарламасына берген сұхбатында осылай мәлім етті.
None
None

Сұхбат барысында телеарна журналисі Ирада Зейналова «бүгінгі жаһанданған заманда қатерлердің де жаһандық сипатта» екенін меңзеп: «Исламдық радикализация» туралы айтыңызшы. Бұған Ресей де алаңдаулы, Еуропа мен Таяу Шығысты да осы проблема алаңдатады. Алматыда да осы мәселе бар секілді. Сіз осыған қатысты не айтар едіңіз?» деп сұрады.

«Бұл ретте біз ислам әлемінде пайда болған экстремистер туралы айтуымыз керек. Солтүстік Африкадағы, Ауғанстандағы тұрақсыздық, Таяу Шығыстағы  дүрбелең - бұның бәрі экстремизмге дем беріп отыр. Бізге осымен күресуге тура келеді. Жастарымыз да  қылмыскерлердің ықпалына  түсіп қалуда. Бұл Ресейде де, бізде де, біздің көршілестерімізде де бар проблема болып табылады. Сондықтан да біз сонымен күресу үшін күшімізді біріктіруіміз керек», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.    

Соңғы жаңалықтар