Эквадорда ит үйінді астынан 7 адамды құтқарып болып, өзі шөлден өліп кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Эквадорда Дайко есімді ит жойқын зілзаладан кейінгі құтқару операцияларына қатысып, үйінді астында қалған 7 адамды алып шығуға көмектесті, деп хабарлайды 24.kz.
Өкінішке қарай, иттің өзі шөлден өлген.
4 жасар ит бірнеше күн бойы демалыссыз жұмыс істеген. Құтқару бөлімшесі келгеннен кейін ит есінен танып, көз жұмған.
Итті жерлеуге өрт сөндірушілер мен қалалықтар жиналып, барлық сән-салтанатымен жерге көмді.