17:18, 17 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Эквадорда Ұлыбританияның құрметті консулын ұрлап кетті

Агенттіктің хабарлауынша, ұрлау оқиғасы сенбі күні таңертең Лос-Риос провинциясында болған.
Бұл жөнінде Эквадор полициясы X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) жазды.
«Бүгін таңертең Лос-Риода болған кәсіпкерге қатысты болжамды қылмысқа байланысты Эквадор полициясының мамандандырылған бөлімшелері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр», - деп хабарлады.
Полиция келтірген мәлімет бойынша, консулмен бірге тағы бір адам ұрланған.