ЕҚЫҰ екпін береді: Астаналық хартия Париждіктің орнын басады

АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат - 2010 жылғы 1-2 қарашада Астанада өткізілетін ЕҚЫҰ Саммиті қарсаңында ҚазАқпарат оқырмандары назарына ресейлік «Время новостей» газетінде 2010 жылғы қазанның басында жарық көрген материалды ұсынады.
None
None

***

Астанадағы ЕҚЫҰ-ның желтоқсан саммиті осы беделді ұйымның өміріндегі жаңа саты болуы мүмкін, деп санайды Мәскеуде өткізілген «Хельсинкиден Астанаға дейін» «дөңгелек үстеліне» қатысқан сарапшылар. Хельсинки қорытынды актісінің бекітілгеніне 35 жыл мен париж хартиясын қабылдағанға 20 жыл өткеннен кейін «қырғи қабақ соғыстан» кейін жаңа басымдықтарды ұстанған жаңа Еуропа үшін әлем қайтадан күрт өзгеруде, осының салдарынан саясаткерлерді еуропалық және әлемдік қауіпсіздіктің жаңа құрылымын жобалауға мәжбүрлеуде.

Мұнда тек жоғары деңгейдегі ашық пікірталастар туралы ғана әңгіме болып отырған жоқ. Еуразиялық қауымдастық Хельсинки актісі мен Париж хартиясына маңызы бойынша сәйкес келе алатын барлығын қамтитын жаңа құжатты қажет етіп отыр, деп санайды сарапшылар. Сонда Астана хартиясы қалай болуы керек және оған қандай тарауларды қосу керек?

Қазақстан СІМ ЕҚЫҰ департаментінің директоры Сержан Әбдікәрімов Астана саммиті дайын шешімдер саммиті болмай, ол тек Ұйымға жаңа серпін береді. Содан кейін ғана ЕҚЫҰ-ның жаңа жағдайларға бейімделуі басталады, деп пайымдайды.

Бұл пікірмен ТМД елдері институты директорының орынбасары Владимир Жарихин да келісіп отыр. Оның ойынша, саммитке қатысушылардың Хельсинки қағидаларын қарапайым қолдауы ұйымға маңызды ештеңе бере алмайды. Тәжірибеде біз осы қағидалардан аластаушылықтардың көп екенін көріп жүрміз. Сондықтан да ЕҚЫҰ-ның ұзақ уақыттық тоқырауынан кейін аталмыш қағидаларды қайта қарастырып, жаңашыл өзгерістер енгізу қажет. Сондай-ақ олар қазіргі заман талабына сай, жетілдірілген, жаңашыл өзгерістерге бейімделген болуы тиіс. Ол үшін саммит осы шараны жүзеге асыру үшін жаңа негізді қалауы тиіс.

Соңғы жаңалықтар