19:08, 09 Желтоқсан 2011 | GMT +5
ЕҚЫҰ-ға төрағалық пен «үштік» жобасы аясындағы ынтымақтастық Қазақстан мен Литваның қарым-қатынастарына серпін берді - Литваның Қазақстандағы елшісі
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық пен «үштік» жобасы аясындағы ынтымақтастық Қазақстан мен Литваның осы уақытқа дейін қарқынды дамып келген екіжақты қарым-қатынастарын одан сайын бекіте түсті.

Бұл туралы бүгін Литваның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рокас Бернотас Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте мәлім етті.
«Біз Вильнюсте өткен жиынға Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов бастаған қазақстандық делегацияның да қатысқанына дән ризамыз», - деді Р.Бернотас.
Сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәселесіне байланысты жасаған баяндамасында Елші Қазақстанның осы ұйымға төрағалығы барысында ұйымдастырылған Астана Саммитінде жасалған келісімге ерекше тоқталды.