ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Германия Федеративтік Республикасының Вице-канцлері-сыртқы істер министрі Гидо Вестервеллемен телефон арқылы сөйлесті

СТАНА. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат - ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Германия Федеративтік Республикасының Вице-канцлері-сыртқы істер министрі Гидо Вестервеллемен телефон арқылы әңгімесі орын алды, деп хабарлайды ҚР СІм баспасөз қызметі.
None
None

Әңгімелесуші тараптар Қырғызстанның оңтүстігінде болып жатқан жағдайлар жайлы және ЕҚЫҰ аясында сол жағдайларды оңалту мәселесіне бойынша Уақытша үкіметке көрсетіліп отырған шараларды талқылады. Қырғызстанда сақталып тұрған тұрақсыздық пен елдің басқа өңірлеріне таралу қаупіне алаңдаушылықтарын білдіре отырып, әңгімелесуші тараптар халықаралық қауымдастық тарапынан дәйекті әрі нақты түрде жәрдем беру қажеттігін атап өтті. Атап айтқанда, ЕҚЫҰ, БҰҰ және ЕО Қырғызстандағы арнайы өкілдері ойластырған іс-әрекеттер жоспарын толығымен, тиімді және уақытылы жүзеге асыру. Ол жоспар негізінде жедел көмек көрсетуге төрт басты сала айқындалған: қоғамдық қауіпсіздік; гуманитарлық көмек; аймақтық қауіпсіздік; және қақтығыстан кейінгі қайта қалпына келтіру және татуласу. Әңгімелесуші тараптар өзара ықпалдастықты тиімді үйлестіру мақсатында тұрақты түрде кеңестер өткізіп отыруға келісті.

Одан кейін екі елдің сыртқы саяси ведомство басшылары шілденің 16-17-сі аралығында Алматыда өтетін ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлерінің бейресми кеңесіне дайындық барысын талқылады. Оған Г. Вестервелленің қатысуы осыған дейін қуатталған болатын. Бұл іс-шара ЕҚЫҰ кеңістігінде диалог пен өзара түсіністікті нығайтуға маңызды қадам болуы тиіс деп аталды.

Екіжақты қарым-қатынастың жоғары деңгейін атай отырып, әңгімелесуші тараптар Астанада шілде айына жоспарланып отырған Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Канцлер Ангела Меркельдің келіссөздері қазақ-герман қатынасын стратегиялық әріптестер деңгейіне шығаратынына сенімдерін білдірді.

Қазіргі кезде экономикалық және мәдени өмірді шаралармен толтырып отырған Қазақстандағы Германия жылы болып отырғаны белгілі. Сонымен қатар, 2010 жылдың ақпан-сәуір айлары аралығында екіжақты сауда көлемі алдыңғы жылдың осындай кезіндегіден 72 пайызға өсіп отыр.

Соңғы жаңалықтар