ЕҚЫҰ мен БҰҰ өзекті халықаралық мәселелердің ең ауқымды спектрі бойынша өзара тиімді әрекет етуде

ВЕНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Тимур Бектұрғанов/ - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Біріккен ұлттар ұйымы өзекті халықаралық мәселелердің ең ауқымды спектрі бойынша өзара тиімді әрекет етуде.
None
None

Бейсенбі күні Венада БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның қатысуымен өткен ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің арнайы мәжілісінде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Әбдрахманов екі ұйымның ынтымақтастық деңгейіне осындай баға берді.

«Қауіпсіздік мәселелері бойынша үлкен және ең кешенді ұйым болып табылатын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы БҰҰ-ның еуроатлантикалық және еуразиялық аймақтардағы қызметіне тиімді қолдау көрсетіп отыр. Біздің миссияларымыз жер-жерлерде, оның ішінде Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Еуропада, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдерінде бірлесіп жұмыс істейді», деп атап көрсетті Қ.Әбдрахманов өз сөзінде.

Сарапшылардың бағалауынша, аталмыш мәжіліске Пан Ги Мунның қатысуын тарихи оқиға және қазақстандық төрағалықтың абыройы деп айтуға болады: ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің мәжілісіне БҰҰ Бас хатшысы (Кофи Аннан) соңғы рет 1999 жылы қатысқан.

Соңғы жаңалықтар