07:50, 02 Шілде 2010 | GMT +5
ЕҚЫҰ мен Еуропа Кеңесінің өзара іс-қимылын күшейту біздің ұйымның жұмысына қосымша серпін береді - Еуропа Кеңесінің бас хатшысы
ВЕНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Тимур Бектұрғанов/ - ЕҚЫҰ мен Еруопа Кеңесінің өзара іс-қимылын күшейту біздің ұйымның демократияның негізгі мақсаттарын дамыту,

адам құқығы мен заңның ұлықтылығы бойынша атқаратын жұмысына қосымша серпін береді. Бұл туралы бейсенбі, шілденің 1-і күні Венада Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымы (ЕҚЫҰ) кеңесінің отырысында сөз алған Еуропа Кеңесінің бас хатшысы Турбьёрн Ягланд мәлімдеді.
Өз сөзінде бас хатшы ЕҚЫҰ аумағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтауды шақырудағы өзекті жағдай бойынша ірі халықаралық ұйымдардың өзара іс-қимылын күшейту қажеттілігін атай келіп, Еуропа Кеңесі мен Еуроодақ қызметінің негізгі бағыттарын айтты.
«ЕҚЫҰ мен Еуропалық Кеңес ынтымақтастығының даму үдерісінде өзара іс-қимылдың нәтижелі болуы мен ең жоғары келісімді қамтамасыз ету маңызды болып табылады», - деп атап өтті Т.Ягланд.