ЕҚЫҰ-ның электрондық дауыс беру мәселелеріне арналған семинары қазақстандық төрағалықтың маңызды жетістіктерінің бірі болып табылады - РФ ОСК төрағасы В.Чуров

bsp;ВЕНА. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Тимур Бектұрғанов/ - ЕҚЫҰ-ның электрондық дауыс беру мәселелеріне арналған сараптамалық семинары қазақстандық төрағалықтың маңызды бастамаларының және жетістіктерінің бірі болып табылады.
None
None

Бұл туралы қыркүйектің 16-сында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Венадағы штаб-пәтерінде РФ Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Владимир Чуров мәлім етті. В.Чуров «ЕҚЫҰ елдеріндегі электрондық дауыс берудің ағымдағы жағдайы және даму перспективалары» деген тақырыпқа арналған семинарға ресей делегациясын бастап келді.

Ресейдің Орталық сайлау комиссиясының төрағасы баспасөз өкілдеріне берген сұхбатында, қазақстандық тарап ұсынған семинардың тақырыбы ЕҚЫҰ-ның гуманитарлық өлшемінің аясындағы жарыссөздер үшін ең өзекті және ең маңызды тақырыптың бірі болып табылатынын атап көрсетті.

Бұл семинарды Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы ұйымдастырып отырғанын ҚазАқпарат бұған дейін хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар