ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен телефон арқылы сөйлесті

СТАНА. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат - ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен телефон арқылы келіссөз жүргізді,
None
None

деп хабарлады Сыртқы Істер министрлігінің баспасөз қызметінен

Әңгіме барысында әңгімелесуші тараптар Қырғызстандағы жағдай туралы толыққанды пікір алмасты.

Нәтижесінде көптеген адам құрбандарына әкеп соқтырған зорлық-зомбылықтың қайта өрбіп отырғандығына терең алаңдаушылықтарын білдірді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көршілес мемлекеттің басшысы ретінде және ЕҚЫҰ төрағасы ретінде жұмсап отырған күш-жігеріне жоғары баға берді.

Әңгімелесуші тараптар Қырғызстанды ауыр дағдарыстан шығару үшін көмек ұйымдастыру мақсатында ЕҚЫҰ мен БҰҰ-ның күшін біріктіру қажет деген келісімге келді. Сонымен қатар, олар Уақытша үкіметті қақтығысқа байланысқан тараптармен белсенді әрі тиімді жұмыс жасауға, жалпы Қырғызстан халқының мүддесі үшін ұлтаралық төзімділік, сенім және келісімге қажетті жағдай ұйымдастыруға шақырды.

Әңгіме қорытындысы бойынша тараптар Қырғызстандағы жағдайды реттеуге бағытталған іс-әрекеттерді үйлестіру мақсатында жағдайды әрі қарай бақылауда ұстап, кеңестерді жалғастыруға келісті.

Соңғы жаңалықтар