ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Австрия Республикасына келді

ВЕНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы,
None
None

Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Австрия Республикасына сапармен келді.

Сапар барысында ЕҚЫҰ төрағасының Австрия Республикасының федеральдық президенті Хайнц Х.Фишермен, еуропалық және халықаралық істер жөніндегі федеральдық министрі Михаэль Шпинделеггермен кездесулері жоспарланған.

Қ.Саудабаев сондай-ақ ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандық жол» кітабының австриялық басылымының таныстырылымында сөз сөйлемек. Төраға сонымен бірге Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығына кірісуіне орай берілетін қазақстандық өнер шеберлерінің гала-концертіне және қазақстандық төрағалықтың атынан өткізілетін ресми қабылдауға қатысады.

Ұйымның қазіргі басшысы ретінде Қанат Саудабаев ЕҚЫҰ Төрағалық кеңесінің арнайы мәжілісіне және төрағаның ЕҚЫҰ институттары жетекшілерімен жыл сайынғы кездесуіне қатысады. ЕҚЫҰ Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбомен, нәсілшілдікпен, ксенофобиямен және христиандарға қатысты кемсітушіліктің басқа да түрлерімен күресу жөніндегі жеке өкіл Марио Мауромен, ұйым басшысының сайлау мәселелері жөніндегі өкілдерімен, ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының толеранттылық және кемсітпеушілік мәселелері жөніндегі жеке өкілдерімен, Бюро директоры Янез Ленарчичпен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар