ЕҚЫҰ саммиті, Ауғанстан мен мәдениетаралық диалог - Қ.Саудабаевтың АҚШ-қа жасаған сапары
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Еуропалық Одақтың шетел істері және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі, Еуропалық комиссияның вице-президенті баронесса Кэтрин Эштонмен әңгімелесуі барысында Қ.Саудабаев алдағы ЕҚЫҰ Саммитінің мазмұнын, Орталық Азиядағы аймақтық жағдайды, соның ішінде ЕҚЫҰ мен ЕО-ның Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмсайтын үйлестірілімдік күш-жігерін талқылады.
Қырғызстанға қатысты Қ.Саудабаев пен К.Эштон ЕҚЫҰ-ның полициялық кеңес беру тобын елдің оңтүстігіне орналастырудың, сонымен қатар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының арнайы өкілі Киимо Кильюненнің жетекшілігімен маусымдағы жағдайды тергеу жөнінде халықаралық комиссия жұмысының маңыздылығын атап өтті.
Қ.Саудабаев К.Эштон мен ИКҰ бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноғлымен қатар, кездесуге қатысушылардың барлығын ауған жастары үшін 50 млн. доллар көлемінде ақша бөліп, білім беру бағдарламасының басталуын қоса алғанда Қазақстанның Ауғанстанға екіжақты негізде көмек көрсету үшін жұмсап отырған күш-жігерімен таныстырды, және де «Ауғанстанның оңалуынан кейінгі жағдай ЕО пен ИКҰ сияқты ұйымдар үшін бұл елді тұрақты және жақсы даму саласына қайтару тамаша мүмкіндік» екенін мәлім етті.
Ислам мен Батыс арасындағы диалогтың болашағын талқылай отырып, сұхбаттасушылар өз елінде дінаралық және ұлтаралық келісіммен қамтамыз ету бойынша және халықаралық деңгейдегі өзара түсіністік бойынша атқарылған Қазақстанның тәжірибесіне ерекше назар аударды. Қ.Саудабаев атап өткендей, «140-тан астам ұлт пен 46 діни конфессиялар тұратын елде бейбітшілік пен келісім орнатып отырған Қазақстан халықаралық қоғамдастықтармен өз тәжірибесін бөлісуге талпынады, және де осыған байланысты Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша Астанада үш мәрте әлемдік және дәстүрлі діндер съезі өткен».