ЕҚЫҰ Саммиті болашаққа ұмтылдыратын серпінге айналады - Ресей жоғары деңгейде өтетін кездесуден жақсы өзгерістер күтеді

МӘСКЕУ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Смағұлов/ - Ресей желтоқсан айында Астанада өтетін Еуропалық ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымының Саммиті жақсы үрдістердің нығаюы мен Еуроатлантиканың барлық мемлекеттерінің өзара түсінісуі мен жақындасуын қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады деп күтеді.
None
None

Ресейлік және қазақстандық сарапшылардың саммитке қатысты болжамдары сәрсенбі күні Мәскеуде өткен «Хельсинскийден Астанаға. ЕҚЫҰ-2010 Саммитінен не күту керек» деген тақырыптағы «дөңгелек үстел» барысында талқыға түсті.

РФ СІМ жалпы еуропалық ынтымақтастық департаментінің директоры Владимир Воронковтың айтуынша, Ресей мен Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға республика төрағалығының аясындағы ынтымақтастығы үлгі болып табылады және Ресей алдағы саммитке қатысты жақсы өзгерістер болады үміттенеді.

«Бүгінгі таңда біз Қазақстанның төрағалығы жемісті өтуде деп айта аламыз. Және де біз 56 ел арасындағы ЕҚЫҰ саммитінің нәтижесінде өзара түсінісу, жақындасу көп болып, қарама-қарсылық азаяды деп күтудеміз», деді В.Воронков.

В.Воронковтың айтып өткеніндей, ресейлік тарап саммиттің қорытынды құжатында 1975 жылы Хельсинскийдегі қол қойылған Қорытынды актіден осы ұйым қабылдаған барлық мақсаттарды көруге үмітті.

«Барлығына ортақ мәселелерден бастау керек. 11 жыл бұрын Ыстамбұлда өткен мемлекет басшыларының кездесуінен кейін өтетін саммит болашаққа ұмтылдыратын серпін болады», деп атап өтті В.Воронков.

Соңғы жаңалықтар