ЕҚЫҰ саммиті қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді шешуге жаңа серпін беруге негізделген - Қ.Саудабаев

ТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат - ЕҚЫҰ саммиті қауіпсіздік саласындағы ең өзекті мәселелердің түйінін шешуге жаңа серпін беруге негізделген.
None
None

Бұл туралы Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Қытай Халық Республикасының Ғылым академиясында сөйлеген сөзінде мәлім етті.

Қ.Саудабаев өз сөзінде атап көрсеткендей, кеңістіктегі ең өзекті деген мәселелердің түйінін шешуге жаңа серпін беруге негізделген ЕҚЫҰ саммитін өткізу жайы Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығындағы маңызды басымдық болып болып табылады.

«Бұл идея қатысушы барлық мемлекеттің қолдауына ие болып отыр және қазір біз жоғары деңгейдегі кездесулердің тақырыптары мен мерзімдерін келісуге кірістік», деді ол.

ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы өз сөзінде сондай-ақ Қазақстанның 2011 жылы Ислам конференциясы ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесіне төрағалық ететінін және осы Ұйымның Атқарушы комитетінің құрамына кіретінін айта келіп, бұл міндеттердің Азиядағы ынтымақтастықты нығайтуда жаңа мүмкіндіктердің ашатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар