Ел аумағында апта ішінде 3 мыңға жуық қылмыс тіркелді
Ел аумағында апта ішінде 2,9 мың қылмыс жасалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.
«Апта ішінде 2970 қылмыс жасалды. Оның 1823-і тәулік ішінде ашылды», - деді Ш. Тұрлыбек ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.
Оның айтуынша, бір аптада полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 8 кісі өлтіру, 10 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 2 қарақшылық, 33 тонау және 343 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты.