Ел аумағында апта ішінде 3 мыңнан аса қылмыс тіркелді

«Бір апта ішінде еліміздің аумағында 3 021 қылмыс жасалды. Оның 1 824-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 10 кісі өлтіру, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 1 қарақшылық, 47 тонау және 500 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді ол ведомствоның баспасөз қыметі алаңында өткен брифинг барысында.
Оның атап өтуінше, ІІМ халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша республикалық акцияны жалғастырып жатыр.
«Қару-жарақты өз еркімен тапсырғаны үшін қарудың жай-күйіне қарай әрбір бірлігіне 10-нан 100-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем көзделеді. Осы уақытқа дейін полицияға 1 192 дана атыс қаруы ерікті түрде тапсырылды. Оның ішінде 1 автоматты ойық, 179 ойық ұзын ұңғылы, 4 ойық қысқа ұңғылы, 996 тегіс ұңғылы, 12 травматикалық, 5 жарылғыш құрылғы және шамамен 9,5 мың ойық ұңғылы қарудың патрондары бар», - деді Шұғыла Тұрлыбек.