12:43, 10 Шілде 2013 | GMT +5
Ел аумағында апта ішінде 6,6 мың қылмыс тіркелді - ҚР ІІМ
АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Апта ішінде ел аумағында 6 686 қылмыс тіркелді, оның 2 820-і «ізі суымай» ашылды.
Сондай-ақ бұрын жасалған 750 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 43 қылмыс ашылды.
Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
Іздеу жарияланған 70 қылмыскер ұсталып, 6 дана қару тәркіленіп алынды. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 48 қылмыс анықталды, оның ішінде 27 - сату фактісі. 1,5 тоннаға жуық есірткі заты, оның ішінде 2 келіден аса героин тәркіленді.