22:16, 18 Қазан 2016 | GMT +5
Ел аумағында теракт жасамақ болғандарға қатысты сот отырысы басталды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкент қаласында ірі қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот алдында үш ер адам жауапқа тартылуда. Олардың барлығы Қарағанды облысының тұрғындары, бірі 21-де, екіншісінің жасы - 22, үшіншісі 31-де.
Ер адамдарға Қазақстан аумағында лаңкестік актілерді ұйымдастырмақ болды деген айып тағылуда. Оларды ағымдағы жылдың маусым айында ОҚО бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті құрықтады. Тергеу барысында анықталғандай, айыпталушылар елде тыйым салынған ұйымдардың бірімен байланыс орнатқан және оларға бірқатар лаңкестік актілерін жасау тапсырылған. Бірақ ол үшін алдымен қаражат табу жүктеледі. Осы мақсатта шымкенттік кәсіпкерлердің бірін тонау қажет болады. Алайда, ойлағандарын іске асыруға арнайы қызметтер кедергі етті. Барлық айыпталушылар бұрын істі болған.