Ел аумағындағы бірқатар республикалық маңызы бар жолдар ашылды
Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, кеше түстен кейін Ақмола облысы аумағындағы «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының Заречное елді мекені мен Қостанай облысына дейінгі аралықтың 232-260 шақырымындағы жолдар қатты боранға байланысты жабылған болатын. Бүгін таңертең сағат 8-00-ден бастап бұл жолдар ашылды.
Сонымен қатар Астана-Щучинск жолындағы көлік қозғалысы сағат 8-40-тан бастап қалыпты режімге көшірілді. Мұнымен қоса Қарағанды облысы аумағында қалың қар мен боранға байланысты жабылған автожолдар бүгін таңертең 9-дан бастап ашылды.
Айта кетейік, кеше түстен кейін «Жезқазған-Есіл-Петропавл» автожолының Сәтбаев қаласынан бастап Қостанай облысы шекарасына дейінгі 24-252 шақырымы жабылған болатын. Сонымен қатар «Қызылорда-Павлодар» автожолының Жезқазған-Жаңаарқа аралығындағы 433-749 шақырымындағы жолдар бүгін сағат 8.40-тан бастап ашылды. Ал, Қостанай облысы аумағындағы «Ресей Федерациясының шекарасы - Алматы» автожолының «Бирюковка - СҚО» шекарасы учаскесінің 589-729 шақырымы, «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 103-232 шақырымы, «Мамлютка-Қостанай» автожолының «Боровской-СҚО» шекарасы учаскесінің 330-180 шақырымы, «Жетіқара-Мықтыкөл» автожолының «Жетіқара-Ресей Федерациясы» шекарасы аралықтары бүгін таңертеңгі сағат 9-дан бастап ашылды.