Ел аймақтарында «Белсенді және ұзақ өмір сүр!» атты акция өтіп жатыр

деп хабарлады pm.kz. сайты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еліміздің облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында өтіп жатқан іс-шаралардың мақсаты Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты биылғы Жолдауында салауатты өмір салтын сақтау бойынша айтқан тапсырмасымен, сондай-ақ «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасының міндеттерімен ұштасып жатыр.
Айта кетейік, дүниежүзілік осы атаулы күн Қазақстанда жыл сайын атап өтіледі. Өмір сүру сапасын және ұзақтығын жақсарту үшін денсаулық сақтау мен нығайту қағидаттары туралы халықты ақпараттандыруды арттыру мақсатында медицина ұйымдарында ашық есік күндері ұйымдастырылмақ.
Бұл күндері еліміздің көптеген медицина ұйымдарында дәстүрлі Ашық есік күндері өтуде.