08:31, 15 Мамыр 2012 | GMT +5
Ел аймақтарында үш адам суға батып кетті, олардың арасында 11 жасар бала бар - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанда үш адам суға батып кетті, олардың арасында 11 жасар бала да болды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Дүйсенбі, 14 мамыр күні Талдықорған қаласында 11 жастағы бала абайсызда Қаратал өзеніне құлап, суға батып кетті. Оның денесі судан ҚР ТЖМ-нің Алматы облысы бойынша су-құтқару қызметінің жеке құрамының 4 адамы және 2 техникасының көмегімен шығарылды.
Сол күні Ақтөбедегі Елек өзенінде 25 жасар жігіт су астына кетті. Оның мәйітін ҚР ТЖМ-нің Ақтөбе облысы бойынша ТЖД-нің су-құтқару қызметіндегі жеке құрамның 11 адамы және 2 техника бірлігінің күшімен шығарды.
Дүйсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысындағы Бұлақ ауылында жасанды қазаншұңқырда шомылып жатқанда 17 жасар бозбала суға батып кетті. Оның мәйіті ҚР ТЖМ-нің Солтүстік Қазақстан облысындағы ТЖД-нің су-құтқару қызметі жеке құрамының 4 адамы және 1 техникасының көмегімен шығарылды.