Ел аймақтарында «Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек» конференциясы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 16 мамырында 14 аймақтағы және Астана мен Алматы қалаларындағы білім мекемелерінде «Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек» атты бірыңғай республикалық ата-аналар конференциясы өткізіледі, деп хабарланған ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында.

Ел аймақтарында «Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек» конференциясы өтеді

Отбасылық тәрбиелеу институты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, «Нұр Отан» партиясының қолдауымен, «Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету» атты бірыңғай республикалық ата-аналар конференциясын өткізеді.

Аудандар мен ауылдардың 11 сынып оқушыларының ата-аналарымен 1000-нан астам педагог-психологтар жұмыс жасайтын болады. Бұл мамандардың барлығы Отбасылық тәрбиелеу институтының, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жүзеге асып отырған, отбасылық тәрбиелеу мәселесі бойынша кәсіби біліктілікті арттыру бағдарламасының түлектері болып табылады. Конференцияға ҚР мемлекеттік білім басқармаларының басшылары, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, мектептегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер, мектептің медицина қызметкерлері, мектеп психологтары және 11 сынып оқушыларының ата-аналары шақырылды.

Конференция барысында психологтар түлектердің ата-аналарымен ҰБТ тапсыру барысына дайындық кезінде кездесетін ата-аналардың орынсыз мінез-құлықтары - бейберекеттік, жауапсыздық пен салғырттық, қобалжу мен балаларын қорқыту сияқты іс-әрекеттері жайында сөз қозғайды. Ата-аналарға жасөспірімдердің күйзеліске төтеп беруді жоғарылату, қысым мен қобалжуды төмендетуге арналған әдіс-тәсілдер ұсынылады. Психологтар балаға қалай жағымды көңіл-күй туындату мен өзінің уақытын, күш-жігерін тиімді пайдалана білуге кеңестер береді. Бұл еліміздің ата-аналарына арналған педагогикалық-психологиялық ауқымды акция ҰБТ тапсыру барысына дайындық кезеңіндегі жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек ретінде, сонымен қатар ата-аналардың көпшілігінде мектепте оқитын өзге де балаларының барын ескере отырып, білім ордасымен байланыста болулары үшін ұйымдастырылуда.