Ел аймақтарында «Жастар - Отанға!» еріктілер жасағының жұмысы бастау алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің барлық аймақтарында «Жастар - Отанға!» еріктілер жасағының жұмысы бастау алды.
None
None

Бұл туралы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов жастардың ҰОС ардагерлерімен Қызылорда облысында өткізілген кездесуінде айтты, деп хабарланған партияның сайтында.

Шара барысында Нұрлан Сыдықов ардагерлерді келе жатқан Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен құттықтады. «Ардагерлерге құрмет танытып, көмек көрсетумен ғана шектеліп қалмай, олардың тарихтағы жауынгерлік ерліктерін келешек ұрпаққа насихат ретінде жеткізудің маңызы орасан зор. Бүгінде аталмыш дәстүрді жалғастыра отырып біз осы жылы ардагерлерімізге барынша көңіл бөлумен қатар, оларды қолдауға бар күш-жігерімізді салатындығымызға сеніміміз мол. Қазақстанның барлық жастарын Ұлы Жеңістің 70 жылдығын қайырымды істермен атап өтуге шақырамыз», - деді аймақ жастарының алдында сөз сөйлеген Нұрлан Сыдықов. Жастар ардагерлердің өмірімен танысып, соғыс жылдарындағы өнегілі әңгімелерін тыңдады. «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасының аясында «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері тарапынан ҰОС, еңбек және жалғыз басты ардагерлерге тұрақты түрде көмек көрсетіліп келеді. 2014 жылы «Еріктілер мектебі» қызметінің аясында еріктілер барлық аймақтар бойынша 700-ден аса ардагерге атаулы көмек көрсетті.

Соңғы жаңалықтар