Ел бірлігі доктринасын батысқазақстандықтар да қолдайды

None
None
ОРАЛ. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сессиясында Ел  бірлігі доктринасын жария еткен болатын.

Осы сессияға қатысқан батысқазақстандық делегаттар қазанның 28-де Достық үйінде бас қосып, өз пікірлерін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуде ұлттар достығын нығайту, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуіне барынша жағдай жасау, балабақшада қазақ топтарын көбірек ашу мәселесі әңгіме арқауына айналды. Еврей ұлттық-мәдени орталығының төрайымы Ольга Дергачева ұлттық салт-дәстүрлерді одан әрі жалғастырып, жас ұрпақ бойына сіңіру керектігін, бұл орайда Елбасы саясатын толық қолдайтындығын білдірсе, «Орал-Жайық казактары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Анатолий Авилов өзінің қазақ тілін білетінін, тіл үйрену үшін оны қолданатын орта болу қажеттігін айтты.

Соңғы жаңалықтар