Ел болам деген мемлекеттердің бәрі біртұтас ұлт идеясын жасап жатыр - саясаттанушы Әзімбай Ғали

АЛМАТЫ. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанның 2050 жылға дейінгі жаңа даму бағдарламасы аясында қазір қоғамда жаңа мотивтер пайда болды. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Түркістан» газетінің жанынан ашылған «Алдаспан» ашық пікірсайыс алаңының екінші отырысында айтылды.
None
None

«Қазақстанның 2030 жылға дейінгі бағдарламасында демократия, ұлттық үрдістер туралы айтылмаған болатын. 2050 жылға дейінгі жаңа бағдарламада бұл екі үрдіс те бар. Енді ахуал сәл өзгере бастады. Әсіресе соңғы 8-9 айда номенклатураның қазақжанды, қазақтілді бөлігі сәл басым түсе бастаған сияқты», - дейді саясаттанушы Әзімбай Ғали. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті профессорының айтуынша, зерттеушілер тарапынан қазір «үлкен қазақ ұлты» туралы жиі айтылып жүр. Жалпы әлемде ел болам деген мемлекеттердің бәрі бұл күнде біртұтас ұлт идеясын жасап жатыр. Мультикультурализмді батыс қоғамы қабылдай алмады. Бұл күнде ассимиляциялық модельді жамандап-жамандап келіп Ресейдің өзі де қабылдап жатыр.

«Ешкімді бөтендетпеуден қазаққа да үлкен қауіп жоқ. Қазақтың 66 пайыздық инфрақұрылымы бар. Кезінде түріктер 10-15 пайызбен Түркияны жасаған болатын. Өзге ұлыс өкілдерінің біртұтас ұлт идеясына топтасуы дамудың ішкі қайнар көзін ашып, бәсекелестікті арттырады. Біртұтас ұлт қалыптасқанда қазақ 11 емес, 17 миллион адам болады. Этнографиялық ағартушылық жұмысын жалғастыру қажет. Ұлт деген қандық емес, этносаяси бірегейлік», - дейді Ә.Ғали.

Соңғы жаңалықтар