Ел болашағы үшін аса маңызды мәселелерді түсіндіру мен насихаттау бойынша ақпараттық-насихаттау топтары құрылды

None
None
АҚТАУ. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Маңғыстау облысында ел болашағы үшін аса маңызды мәселелерді түсіндіру мен насихаттау бойынша ақпараттық-насихаттау топтары құрылды.
Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен актив отырысында Елбасының «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХІІ съезінде жасаған «Қазақстанның индустриялық-технологиялық дамуы ? біздің ортақ болашағымыз үшін» атты баяндамасынан туындайтын әлеуметтік саланың міндеттерін талқылаған жиында облыс әкімінің орынбасары Ж. Қараев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Ел Президентінің "Нұр Отан" сьезінде жасаған баяндамасында елдің қазіргі дағдарыстан шығу жолдары ғана емес, дағдарыстан кейінгі дамуының стратегиялық жоспары, нақты міндеттер анықталып көрсетілді. Сондықтан ел болашағы үшін аса маңызды мәселелерді түсіндіру мен насихаттау бойынша ақпараттық-насихаттау топтары құрылып, облыстың елді мекендеріне, кәсіпорындарға, мекемелерге шығу кестесі жасақталды. Оның құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, «Нұр Отан» ХДП МОФ-ның өкілдері, облыс әкімі жанындағы ардагерлер кеңесінің мүшелері, оқу орындарының, кәсіпорындар басшылары енгізілді. Оларға көмекші құрал ретінде ақпараттық материалдар жинағы әзірленуде. Оған облыс тұрғындарының арасында жиі туындайтын өзекті мәселелер мен сауалдар тізбесі «сұрақ-жауап» ретінде енгізілетін болады»,-деді өз баяндамасында облыс әкімінің орынбасары.Облыста Елбасының сөйлеген сөзіне ақпараттық қолдау көрсетуге бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған арнайы медиа-жоспар дайындалды. Билбордтар мен баннерлердің мәтіндері және оларды орналастыру орындары келісілуде. Мұндай жұмыстар аудан, қалаларда да жүйелі жүргізіліп, қадағаланатын болады.
Соңғы жаңалықтар