Ел болашағы үшін өз таңдауымды жасадым - жас сайлаушы

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ел болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Бұл туралы жас сайлаушы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті Құралай Амангелді мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оның айтуынша, №435 сайлау учаскесінде дауыс берген кезде толқыныс сезімінде болды.

«Мен биыл университеттің бірінші курсын аяқтап жатырмын. Ел Президентін сайлауға келіп, дауыс беруді Қазақстан Республикасының азаматшасы ретінде борышым деп есептеймін. Қазіргі сайлау ел болашағына тікелей қатысты. Сондықтан әркімнің де өз таңдауын жасағаны маңызды. Осыған өз үлесімді қостым деп есептеймін», деді ҚазАқпарат тілшісіне Құралай Нұржанқызы.null

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың екінші курс студенті Әлихан Әлібеков те алғаш рет өз таңдауын жасағанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар