Ел чемпионаты Өскеменде өтеді

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Қарашаның 15-і мен 20-сы аралығында дзюдодан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты Өскеменде өтеді. Қаланың жаңадан салынған заманауи спорт кешенінде өтетін ел біріншілігіне қатысу үшін Республиканың 14 облысы және екі мегополисінен барлығы 650-ге жуық дзюдошы өтініш білдірді.
None
None

Ел біріншілігіне қатысатын әр команданың дзюдошылар саны 2012 жылғы Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша анықталады, деп жазады alasharena.kz.

Нақты айтсақ, өткен жылы Талдықорғанда өткен ел біріншілігінде 1-6 орын алған командалар өз аймақтарындағы чемпионаттарда жүлдеге іліккен балуандарының барлығын қатыстыра алады.

7-10 орыннан көрінген командалар әр салмақта үш балуаннан қоса алады. 11-14 орынды иемденген командаларға екі балуаннан қосуға рұқсат. Ал өткен жылғы ел чемпионатында 15-16 орындардан көрінген екі команданың Өскемендегі ел біріншілігіне әр салмақ дәрежесінде тек бір ғана дзюдошыдан қосуларына мүмкіндіктері бар.

Соңғы жаңалықтар