11:05, 20 Қаңтар 2009 | GMT +5
Ел экономикасын тұрақтандыруға бағытталған Үкіметтің бірлескен мәлімдемесі мақұлданды
АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Ұлттық банкі, Қаржы ұйымдары және қаржы нарығын бақылау агенттігі мен Үкіметтің бірлескен мәлімдемесі мақұлданды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталмыш құжатта көрсетілгендей, еліміздегі экономикалық саясат жаһандық дағдарысты жеңілдетуге және республикадағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталатын болады.
«Меніңше, бұл мәлімдеме Үкіметтің, Ұлттық банк, Қаржы ұйымдары және қаржы нарығын бақылау агенттігі мен ұлттық холдингтердің ауыл шаруашылығында, шағын және орта бизнес, құрылыс, банк саласында жүргізілген тұрақтандыру жұмысының заңды нәтижесі. Жақында қабылданған Дағдарысқа қарсы бағдарламада қойылған мақсат-міндеттерді орындау жолында бірлескен мәлімдеменің өз орны бар», - деді К.Мәсімов. Айта кетейік, Үкіметтің, Ұлттық банк пен Қаржы ұйымдары және қаржы нарығын бақылау агенттігінің бірлескен мәлімдемесінде 2009 жылдағы инфляцияның деңгейі 9 пайыз болып белгіленді.