Ел экономикасындағы орта бизнестің үлесі 2 пайыз ? ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті

АЛМАТЫ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанда қазір орта бизнес қиын жағдайда тұр. Бұл жайлы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Дағдарыс және оны жеңудің жолдары» деп аталатын конференцияда айтылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазір елімізде шағын бизнестің жағдайы біршама түзелді. Алайда орта бизнес дағдарыста тұр. Ел экономикасында оның үлесі 2 пайызды ғана құрауда. Сондықтан кәсіпкерлік құрылымдарының көбі өз бизнесін бөлшектеп, шағын бизнеске көшуде», - дейді ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті Серік Тұржанов. Оның пайымдауынша, бүгінгі таңда орта бизнестің өркен жаюына кедергі болып отырған бірнеше негізгі мәселені бөліп айтуға болады. Олар ? банктердің несиелік пайызының жоғары болуы, девальвациядан кейінгі теңге бағамы бойынша несиенің 23 пайызға өсуі және сауданың кемуі. Сондықтан орта бизнестің дамуы үшін банктердің несиелік пайызы 10-12 пайызға дейін азайтылуы керек. Қазір ел экономикасының локомотиві саналатын Алматының өзінде орта бизнестің дамуы орта деңгейден төмен. Ең төменгі көрсеткіш Ақтау, Атырау өңірлерінде, ал жағымды ахуал тек Қарағандыда байқалып отыр. Сол себепті экономикада орта бизнестің үлесі алдағы уақытта 2-ден 30 пайызға дейін ұлғайтылуы қажет.
Соңғы жаңалықтар