Ел құрамасы керлингтен халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан ерлер құрамасы Ресейдің Сириус қаласында өткен керлингтен Sirius International 2026 халықаралық турнирінде қола жүлдеге ие болды.

Ел құрамасы керлингтен халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды
Фото: ҚР ҰОК

Жартылай финалда отандастарымыз «Ресей-3» командасына 3:5 есебімен жол берді.

Ал үшінші орын үшін өткен кездесуде Қазақстан құрамасы «Ресей-1» командасын 7:5 есебімен жеңді.

Осылайша, ұлттық құрама турнирді үшінші орынмен аяқтады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның ерлер құрамасы Абердинде (Шотландия) өтіп жатқан керлингтен іріктеу турнирінде өнер көрсеткенін хабарлағанбыз.