Ел мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін – Білім күні. Мектептерде дәстүрге сай алғашқы қоңырау салтанатты шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бүлдіршіндерді жаңа оқу жылымен құттықтау үшін елорда іргесіндегі Лесная поляна ықшамауданы, №61 мекенжайында орналасқан Қосшы қаласының жаңа мектеп-гимназиясына барды.


«Білімнің жаңа көкжиегін игеруге, тың ізденістер мен жаһандық мақсаттарға ұмтылған үш миллионнан астам жас өреннің алдында жаңа мүмкіндіктер ашылмақ. Биыл 130 мыңнан астам оқушы су жаңа мектепте оқып бастайды», -деді Ғани Бейсембаев салтанатты жиында.


Министрдің мәліметінше, бүгін 382 мың бүлдіршін мектеп табылдырығын аттап отыр. Ал, 188 мың оқушы мектеп бітіреді.

«Колледждерге оқуға түскен 190 мың студент үлкен өмірге алғашқы қадам жасап отыр. Ұстаздарымыз үшін бүгін сүйікті жұмысына оралып, шәкірттерімен қауышатын күн. Осы айдан бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы 100 мыңға жуық педагогтің жалақысы 30%-ға, ал колледж студенттерінің стипендиясы 50% артады. Жаңа оқу жылы әрқайсыңыз үшін қызықты әрі пайдалы болсын. Сіздердің бүкіл бастамаңызға сәттілік, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Білім күні құтты болсын!», - дейді ол.

Айта кетейік, бүгін Қосшы қаласында 1500 балаға арналған мектеп-гимназия ашылды.

Соңғы жаңалықтар
telegram