Ел өңірлерінде болған өрт салдарынан екі ер адам қаза болды

АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Елдің өңірлеріндегі өрттен екі ер адам мерт болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Петропавл қаласында жекеменшік үйден өрт шықты. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы мен жеке құрамының 15 адамы жұмылдырылды. Оқиға орнынан 43 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Қостанай қаласында да жекеменшік үй өртенді. Жалындаған отты сөндіруге ҚР ТЖМ Қостанай облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 1 техникасы мен жеке құрамының 4 адамы жұмылдырылды. Оқиға орнынан 60 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Соңғы жаңалықтар