13:35, 19 Тамыз 2020 | GMT +5
Ел өңірлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 20-22 тамыз аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Оңтүстік циклонның келуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Аптаның соңында оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады. Дауыл, бұршақ түсуі мүмкін. Кейін қысқа антициклонның жылжуымен жауын-шашын тоқтап, батыста ауа температурасы аздап төмендейді. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді», - деді синоптиктер.