Ел өңірлерінде мал ұрлаумен айналысқан төрт қылмыстық топ қолға түсті - полиция

АСТАНА. KAZINFORM – Қарашада полиция қызметкерлері еіл аймақтарында иал ұрлығымен айланысып келген төрт қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

барымташы
Фото: видеодан алынған кадр

-Қараша айында Алматы, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген іс-шаралар барысында мал ұрлығына қатысы бар төрт қылмыстық топтың жолы кесілді,-делінген хабарламада.

Полиция таратқан мәліметтерге қарағанда, күдіктілер қараусыз жайылымда жүрген малды бақылап, түнгі уақытта таулы жерлерге айдап, сойып, кейіннен республиканың ірі қалаларының базарларында сатқан.

Күдіктілерден 50-ден астам ұрланған мал тәркіленіп, қылмыскерлер қамауға алынды.

- ІІМ мал ұрлығына қарсы күресті жүйелі түрде жүргізіп, бұл бағыттағы профилактикалық және жедел іс-шараларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді, – деп хабарлайды ІІМ.

Осыған дейін Қызылордада мал ұрлығымен айналысқан 5 қылмыстық топ құрықталғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар