Ел ормандарында қылқан жапырақты ағаштарды кесуге 10 жылға тыйым салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Алдағы 10 жылда мемлекеттік орман қорындағы қылқан жапырақты ағаштарды кесуге тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел ормандарында қылқан жапырақты ағаштарды кесуге 10 жылға тыйым салынады

«2033 жылғы 31 желтоқсанға дейін мыналарға:

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін кесуге және күтім жасап кесуге;

- іріктемелі санитариялық кесуден және ағаш отын сүрегін (0,5-тен 2 м-ге дейін) және тіректерді қоспағанда, қылқан жапырақты іскерлік сүректі дөңгелек түрде өткізуге тыйым салынсын», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрық жобасында.

Құжат 8 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.

Еске салайық, 10 маусымнан бастап елімізден ағаштың жекеленген түрлерін экспорттауға тыйым салынған болатын.