Ел Президентінің Қызылордаға жұмыс сапарынан фоторепортаж
Алдымен, Қасым-Жомарт Тоқаев көпбейінді балалар ауруханасына барып, медицина мекемесі ұжымының жұмысына табыс тіледі.
Одан әрі Мемлекет басшысы «Жан-Арай» ЖШС жұмысымен танысты. Кәсіпорындағы күріш өңдеу және құрама жем зауыттары тәулігіне 150 тонна күріш, 170 тонна ұн өңдеп, 80 тонна жем өндіреді. Онда 300-ге жуық адам еңбек етеді.
Мемлекет басшысы сондай-ақ бүгін қаланың сол жағалауында пайдалануға берілген нысандармен танысты. Сол жағалаудағы жаңа қаланың жалпы аумағы 1 532 гектарды құрайды.
Сол жағалауда пайдалануға берілген бірегей ғимараттардың бірі - «Қазақстан тарихы» музейі. Қазір мұнда «Рухани жаңғыру» орталығы мен мұражай орналасқан.
«Рухани жаңғыру» орталығында Мемлекет басшысы аймақ жастарымен кездесті.
Осыдан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының жұртшылығымен кездесті.
Президент «Байтерек» холдингіне жергілікті әкімдікпен бірге қазақстандық тұңғыш шыны зауытын іске қосуды тапсырды.