Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтеді

ТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - 2-4 желтоқсан аралығында елордадағы «Конгресс-Холл» сарайында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналған республикалық ақындар айтысы өтеді.
None
None

Шараны өткізудегі басты мақсат - мәдениетіміздің баға жетпес асыл мұрасы ретінде айтысты халыққа жан-жақты насихаттап, оның дамуына мемлекеттік деңгейде қолдау көрсету, болашақ ұрпаққа айтыс өнерін жеткізу, оны одан әрі дамытып, сапалық деңгейін жақсарту, шебер сөз құрау мен жоғары деңгейдегі поэзия арқылы мемлекеттік тілдің арнасын кеңейтіп, дамыту әрі насихаттау.

Айтысқа республикалық, халықаралық сайыстардың жеңімпаздары, үлкен сахнаға енді шығып жүрген жас дарындар, сонымен қатар Қытай, Моңғолия, Қырғызстан елдерінің таңдаулы айтыскерлері қатысады.

Суырып салма сөз өнері дүлділдерінің өнеріне Мырзатай Жолдасбеков, Сәбит Оразбаев, Асанәлі Әшімов, Фариза Оңғарсынова, Өмірзақ Сәрсенов, Амангелді Ермегияев, Несіпбек Айтұлы, Сейіт Қасқабасов, Өмірзақ Айтбаев сияқты өнер қайраткерлері және айтыс жанашырлары қазылық ететін болады.

Соңғы жаңалықтар